Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «ҚАЗАЛЫ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ Б.ӘБДІРАЗАҚОВ АТЫНДАҒЫ №88 ОРТА МЕКТЕБІ» КММ
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «ҚАЗАЛЫ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ Б.ӘБДІРАЗАҚОВ АТЫНДАҒЫ №88 ОРТА МЕКТЕБІ» КММ
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/88kazaly.rka.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

Warning: file_get_contents(http://www.geoplugin.net/php.gp?ip=216.73.216.122): failed to open stream: HTTP request failed! HTTP/1.1 403 Forbidden in /var/www/vhosts/88kazaly.rka.kz/httpdocs/components/com_jcomments/jcomments.php on line 46

Ермекбай Шоқанов. 

1929 жылы алға ауылдық округінде дүниеге келген. Осы мектептің түлегеі. 1969 жылы Гоголь атындағы Қызылорда педогогикалық институтын биология пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын осы өзі туған ауылдағы мектепте бастаған. «ҚАЗ ССР халыққа білім беру ісінің үздігі» атағын алған. «Лениннің туғанына 100 жыл» мерекелік медальімен марапатталған. Шәкірттердің ең сүйікті ұстазы атанған тұлға.1999 жылы дүниеден қайтты.

Сақитжан Нәжмадинов.

1928 жылы Алға ауылдық округінде туылған. Осы мектептің түлегі. 1968 жылы Қызылорда  қаласындағы Гоголь атындағы педогогикалық институтын бітірген.Мектепте ұзақ жылдар бастауыш пәнінің мұғалімі болып,абыройлы қызмет атқарды. «ҚАЗ ССР халыққа білім беру ісінің үздігі» атағын алған. 1997 жылы дүниеден қайтты.

 Біздің мектепте оқып білім алған халыққа белгілі,елге құрметті, атақты адамдар.

 

Әбдіразақ Қаналиев. 

1920 жылы қазіргі Ү.Түкітбаев ауылында дүниеге келген.Мектепте алғашқы білім алушылардың бірі.Халық ақыны. Өлеңдері көптеген баспасаөз беттерінде жарияланған.Ол көбіне ел ішіндегі атқа мінерлердің зиянды істерін әшкерелеп, дүниеқоңыз,надан адамдарды келемеждеп өлең шығарып ел-халықтың құрметіне бөленген жан.Айтыскер.Б.Өтеповпен, Н.Жетілгенов, т.с.с ақындармен айтысқа түскен.

Балтабай Тәжімбетов. 

Ақын.Осы мектепте оқып білім алған.Қазалы ауыл шаруашылығы техникумының мал дәрігерлік бөлімін бітірген.Қазалы аудандық «Ленин туы» газетінде қызмет атқарған.Балаларға арналған «Әй,әй бала» атты өлеңдер жинағы жарық көрген. «Махаббат ұшқыны», «Қазалының қыздары ай» атты өлеңдеріне ән жазылған.

Байжігіт Әбдіразақов

 12.4.1928 жылҚазалы ауданы Түктібаев ауылы – 2.8.1995 жылҚызылорда – жазушы, журналист. Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері (1987). Алғашқы очерктер жинағы «Армандастар» деген атпен 1968 жылы жарық көрген. Кейін «Ерлік еңбек адамдары» (1968)«Жаңару» (1970)«Дала жұлдыздары» (1970) «Сандалкөк» (1974)«Серпіліс» (1975)«Терең тамырлар» (1983)«Сырдария тарландары» (1985)«Дала толғауы» (1990), атты повесть, әңгімелер жинақтары жарық көрген.

Әбдіразақовтың шығармаларында дәуір тынысы, замандас бейнесі, туған өлке тағдыры, сонымен қатар көркем туындыларында ауыл тіршілігі суреттелген.

 

Мұстафа Матаев.

1933 жылы 13 мамырда Қазалы өңірінде дүниеге келген.Философ-ғалым. Философия ғалымдарының кандидаты,професор.Қ.Р Білім беру ісінің құрметті қызметкері, Қ.Р Әләуметтік ғылымдар академиясының құрметті академигі.        

Ділімбетов Қареке.

Топырақтанушы – өндіруші, ағартушылар үздігі, ауылшаруашылығы ғылымының кандидаты (1961ж.). Қызыл-Орда облысы, Қазалы ауданы, Арандыкыр аулыңда түылган(03.07.1929 – 18.12.2000)

Қазақ Мемлекеттік ауылшаруашылық институтының агрономия факультетін аяқтаған .1950ж.Қызылорда облыстық тәжірибелі ауылшаруашылық күріш станциясының директоры.  1963-1975жж. Н.В.Гоголь атындағы Қызылорда Мемлекеттік педагогикалық институтының кафедра меңгерушісі, доцент,  1975-1988жж.  - дайындық бөлімінің деканы, ал  1988 жылдан бастап Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетінің, «Биология,  география и экология» кафедрасының доценті.  КазССР ҒА  Топырақтану институтындағы Сырдария жайылымдарының және Қызылқұм шөлейітінің аймақтарын зерттеу жұмыстары бойынша өткен экспедицияларына қатысқан.(1950-1960жж.). 

Есенқұлов Бақберген.

1927 ж Қазалы ауданы Тораңғы деген жерде туған.1944 Қызылордапедогогикалық институтына түсіп тарих факультетін үздік бітірген. 1956-62 жылдар аралығында №88 орта мектебінінің директоры қызметін атқарған. КСРО мен Қаз ССР нің оқу ағарту ісінің үздігі. «Ұстаздық жолым» атты кітабы жарық көрген.

Әлімбетов Аман. 

1933 жылы Қазалы ауданы ,бүгінгі Ү.Түктібаев ауылында дүниеге келген.1950 жылы Қарағанды қаласындағы ФЗО да оқып білім алған. Сол жердегі №38 шахтада еңбек етеді. 1953-57 жылдар аралығында Қызылорда қаласындағы  Гоголь атындағы педогогикалық институтының жаратылыстану факультетін оқып бітірген.Еңбек жолын өзі туған Ү.Түктібаев ауылында мектепте мұғалім болудан бастаған.1962-1969 жылдары осы мектептің директоры қызметін үлкен жауапкершілікпен атқарған.

 Өтепберген Достыбаев.

1930 жылы Фрунзе кольхозында дүниеге келген.  Алматы қаласынан 1955 шет тілдер институтын француз тілінің мамандығы бойынша бітірген. 1963-66 жылдары Карл Маркс атындағы совхозда ұстаз болып,осы мектептің оқу ісінің меңгерушісі қызметін атқарған.Одан соң осы совхоздың партия ұйымының жетекшісі болды.1974-82 жылдар арасында № 88 орта мектептің директоры қызметін абыроймен атқарды. 1982-88 жылдар аралығында аудандық білім бөлімінде инспектор болып қызмет жасады. Жасаған абыройлы еңбегі үшін «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған.

 

 

 Өтеген Жәниет.

1957 жылы,8 наурызда Қожабақы ауылында дүниеге келген.№25 мектепті 1974 жылы бітірген. Гогол атындағы Қызылорда  пед институтын 1980 жылы бітірген. 1980-86 жылдар аралығында №25 мектепте матиматика пәнінің мұғалімі.1986-2001 жылдар аралығында №88 орта мектептің директоры қызметін абыроймен атқарды. 2001-2012 жылдар аралығында осы мектептің тәрбие ісінің меңгерушісі болды.2013-2108 жылдар аралығында №98 орта мектептің директоры болып қызмет атқарды. 2018 жылғы қыркүйек айынан бастап №88 орта мектепте қосымша білім беру педагогі болып қызмет атқарады. 

Шарафадин Алтынбаев.

1950 жылы Арал ауданында дүниеге келген.1971 қазіргі Қорқыт атындағы мемлекеттік университетін бітірген.1971-1982 жылдары мұғалім,мектеп директорының орынбасары қызметін атқарған.1982-89 жылдары №88 орта мектептің директоры қызметін атқарды.Аудандық білім бөлімінің меңгерушісі,аудан әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.Қазақстан журналистер одағының мүшесі.Көптеген шығармалары жарық көрген.

Ерболат Қалниязов. 

1974 жылы 27 мамырда Әйтеке би кентінде дүниеге келген. Ы.  Алтынсарин атындағы №204 мектепті үздік бітірген. Қызылорда қаласындағы Қорқыт Ата мемлекеттік университетін физика мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын №226 мектеп гимназиясында бастаған. 2000 жылы облыстық жыл мұғалімі атағын алған. 2001 жылдан – 2012 жылға дейін №88 Б. Әбдіразақов атындағы мектептің директоры қызметін атқарды.2012 жылдан-2015 жылдар аралығында аудандық білім бөлімін басқарды.2015 жылы кенеттен дүниеден қайтты.