Мектеп тарихы
Мектептің ірге тасы 1936 жылы төрт жылдық болып қаланды. Сол жылдары төрт мұғалім сабақ берген. Солардың бірі - халық ақыны, ағарту ісіне белсене араласқан Байназар Өтепұлы. 1944 жылы мектеп жеті жылдық болды. Осы мектепке жеті жылдық кезінде 1956-1962жж Есенқұлов Бақберген, 1962-1969 жж Әлімбетов Аман басшылық жасады.
Ал, 1969 жылдан бастап арнаулы орта білім беретін мектеп болып ашылды. Мектеп 1987 жылы қыркүйек айында жаңа жобадағы үш қабатты мектеп үйіне көшірілді. 1996 жылы мектепке жерлес жазушы, осы мектептің түлегі Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Байжігіт Әбдіразақовтың есімі берілді.
Мектепте есімдері республикаға танымал академик А.Сәмбетов, ғалымдар А.Нұрғызарынов, Қ.Ділімбетов, М.Матаев,ғылым докторы Қалас Жамалов және ақын – жазушылар Б.Әбдіразақов, Б.Тәжімбетов, қазір есімі кең танымал опера-балет әншісі Бибігүл Жанұзақ осы мектепте білім алған.
Мектепте «Қазақстан білім беру ісінің үздігі» атағын алған құрметті ұстаздар Шоқанов Ермекбай, Нажмадинов Сақитжан сабақ берді.
Мектеп тарихында тұңғыш рет 1991 жылы Дүйсенова Ләззат пен Құламетова Ләйлә мектепті күміс медальмен бітірді. 2001 жылы Жаниетова Индира, 2003 жылы Тілеулиева Саида үздік аттестат алды. Ал, 2006 – 2007 оқу жылында Абдуллаев Алтынбек пен Нұрымбетова Ақмарал, 2008 – 2009 оқу жылында Нұрымбетов Нұрбек, 2009 – 2010 оқу жылында Коңқал Меруерт, 2014 – 2015 оқу жылында Ғабит Ақерке, 2016 – 2017 оқу жылында Иганберген Меруерт пен Төлеміс Нұржан, 2017 – 2018 оқу жылында Байғабылова Жанерке, Жетен Ақнұр Таңатарова Алтын, 2018 -2019 оқу жылында Бағзалбаев Асыланбек, 2019 -2020 оқу жылында Оңдаш Камшат, Жәнділдаев Еркебұлан, Бейбіт Базарайым,Бағдәулетова Көркемай, Тағыберген Аружан, Қазиева Замира «Алтын белгі» иегері атанды.
мектеп-лицейдің 4500-ден астам түлегі
олардың ішінде: ғалымдар, ұйымдардың басшылары
және мекемелер, бизнесмендер мен танымал музыканттар.

